Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2022 жылдың 7 желтоқсан күні 6-сынып қыз балалары арасында «Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында жиналыс өткізілді. Мақсаты: қыз баланы салауатты өмір сүруге бағыттау,гигиеналық тазалыққа үйрету,өтірік, өсек айтпауға үйретіп, дағдыландыру; өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін терің сезіне білуді үйрету; мейірімділік, ізгілік, ақиқат, сұлулық қағидаларын берік ұстануға дағдыландыру. Достармен және құрбылармен күнделікті қарым-қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидаларын ұстануға тәрбиелеу. Жиналысқа мектеп директоры Д. Дийметова, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары З.Гафурова, педагог-психолог С. Мирзаметова, аналар мектебінің мүшелері Р. Исмаилова, Ш. Пайзханова, мектеп медбикесі Р.Атакеева қатысты. 6-сынып жетекшісі Шахзода Пайзханова «Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында баяндама оқыды. «Киелі отбасы» тақырыбында видеоролик көрсетіліп, қыз бала қоғамда өзін қалай ұстау керек?-деген сұрақ аясында қыздар өз пікірлерімен бөлісті. Мектептің педагог-психологы Саодат Мирзаметова сөйлеу мәдениетін түзеу, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алу жөнінде түсіндіре отырып, өзін-өзі бағалауға байланысты пайдалы кеңестер берді. Мектеп медбикесі Раъно Атакеева «Жеке бас гигиенасы» туралы баяндама оқып,қыз балалардың жеке бас гигенасын сақтау туралы ақпараттар мен жаңалықтармен бөлісті.



