Перейти к содержанию

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегім»

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік — таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдыретті сөз.
Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 15 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім» атты іс-шара болып өтті. Мерекелік іс-шарада мектеп директоры Д.Дийметова және мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Абдураимовтар тәуелсіздік мерекесіне орай ұстаздар қауымына өздерінің жүрекжарды ақ тілектерін айтып, бала жанының бағбаны болған ұстаз, шәкірттерін білім нәрімен сұсындатып, шығармашылыққа үйретіп, дарындылық жолына жетелеп жүрген және білім саласында аянбай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген ұстаздарға және қызметкерлерге алғысын білдіріп, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады. Атап айтар болсақ, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Зайнитдинова, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Алғыс хаты» мен математика пәні мұғалімі Б.Усманова, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Стамкулова, Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Құрмет грамотасы»мен М.Алибаева, А.Хадиев, К.Нуриллаева, Ш.Искакова, Д.Сеитов, Ю.Атабаева, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Грамотасымен» Ш.Исмаилова, И.Ниязметова, Е.Батырбеков, М.Маннапова, Ш.Алиханова, , Т.Ахильбекова, С.Омарова, Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасы»мен Ш.Турсунбаева, Х.Жиембаева, С.Апсен, Ф.Атаханов, Ж.Ташметова. «Тәуелсіздік — теңдесі жоқ байлығым» дей келе, іс-шарамыз жас ұстаздар және оқушылармен дайындалған ән мен күйге, мерекелік концертке ұласты. Марапатталған барша әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз. Отбасыларына амандық, береке, бірлік, қуаныш, жұмыстарына табыс тілейміз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *