Шәкірт жетістігі — баршамыздың мақтанышымыз.
«Елбасы медалі» — жас спортшыларды, еріктілерді және мәдени мұраны қастерлейтін жастарды өскелең ұрпақты қолдау және ынталандыруға бағытталған ұлттық деңгейдегі бағдарлама. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы әрбір жас қатыса алады. Қатысушылар «алтын», «күміс» немесе «қола» медальдармен марапатталады.
«Елбасы медалі» жобасына әрбір қатысушыға жеті бағыт бойынша өзін-өзі дамыту бағдарламасы ұсынылады: «Спорт және дене шынықтыру», «Кітап оқу», «Дарын мен дағды», «Ұлттық мұра», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар» және «Еңбек тәжірибесі». Осы жеті бағыт бойынша бағдарламаны аяқтау жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына ықпал етеді. Өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі қалыптастыруға қабілеті бар жас буын өз халқына пайдасын тигізе алады. Бұл бағдарлама қатысушыларға өз қабілеттерін ашуға көмектеседі, өздерінің даму жоспарларын іске асыруға мүмкіндік береді.
Осы жобаға Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің 10-«Г» сынып оқушысы Раимжанова Шохида Дилшодқызы қатысып, «Қола медаль» иегері атанды. Шәкіртімізге шығар шыңдарың, бағындырар биіктерің, алар асуларың көп болсын, деп тілек білдіреміз.




