Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің 06.04.2023 жылғы N15/01/01-1869 санды хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті көппәтерлі үйлердің терезелерінен балалардың құлап кету фактілерін болдырмау мақсатында «Қауіпсіз терезелер» республикалық ақпараттық науқанының тұжырымдамасына сәйкес, Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде оқушылар арасында жиналыс өткізілді. Ата-аналарды, оқушыларды «Қауіпсіз терезелер» республикалық науқанының тұжырымдамасымен таныстырып, науқанның мақсаты мен міндеттері түсіндірілді. Қауіпсіздік ережелері бойынша оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, профилактикалық нұсқаулықтар, жадынамалар таратылды.




