Түркістан қаласы Адами әлеуетті дамыту бөлімінің 29.03.2023 жылғы 15/01-01/1771 хатына сәйкес оқушылар арасында әртүрлі келеңсіз жағдайларға ұшырау фактілерінің алдын алу мақсатында оқушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша «Су айдындарындағы ережелер», «Судағы қауіпсіздік» тақырыптарында тәрбие сағаттары, ата-аналарға, оқушыларға, сынып жетекшілерге таныстыру — түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға, ата-аналарға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша жиналыс өткізіліп, жадынамалар таратылды. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша арнайы дайындалған видеороликтер көрсетілді.




