«Қазақтың тұңғыш балеринасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрсұлу Елубайқызының 100 жылдығына орай Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Сырлы би толқыны» қалалық бишілер байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: би әлеміндегі өз халқының және өзге халықтардың мәдениетін танып білуге бағыттау. Хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, музыка жанрын түсініп білуге баулу, ұлттық өнердің қыр-сырын үйрету. Аталмыш байқауға Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің «Force» би тобы және «Жұлдызшалар» би тобы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Байқау нәтижесі бойынша «Force» би тобының өнерпаздары І дәрежелі диплом және 80 000 теңге сертификатқа, «Жұлдызшалар» би тобының қыздары ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Өнерпаз оқушыларымыздың жетекшісі: Юлдуз Атабаева. Жас бишілерді жетістіктерімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атануына тілектеспіз. Қанаттарың талмай, тек биіктерден көрініп, біліммен, өнермен алға самғай беріңдер деп тілек айтамыз!




