Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы орайда Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің 10.05.2023 жылғы 15/01-01/2174 шығыс хатына сәйкес 15 мамыр күні Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың және оқыс оқиғалардың алдын алу, оның ішінде мектеп оқушыларының қатысуымен орын алатын бұзақылық, түнгі уақытта ата-ана қадағалауынсыз қоғамдық жерлерде жүру фактілері мен олардың діни жат ағымдарға енулерінің алдын алу мақсатында құзырлы органдардың өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Түркістан қалалық прокуратурасының бөлім бастығы Жүсіпбай Мақсат Кенжеханұлы, Түркістан қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторы, аға лейтенант Шахаев Алмат Талғатұлы және «Ыждихат» мешітінің имамы Розмат Камаловтар қатысты. Кездесуде оқушыларға құқықбұзушылық туралы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін алдын алу бойынша, сондай-ақ жастар арасында болып жатқан қылмыстың түрлі мәселелеріне, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00-де ойын сауықтарда отыруы, түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде жүруге болмайтынын және интернет ресурстарындағы шектеу қойылған сайттар туралы, олардың зияндылығы туралы баяндап, бейнероликтер көрсетіліп, сақтық шараларын түсіндірді.




