Перейти к содержанию

Ақпараттандыру!

❗️❗️Ақпараттандыру!
❄️ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚЫСҚЫ КАНИКУЛДА НЕШЕ КҮН ДЕМАЛАДЫ?
✅️Құрметті ата-аналар!
🔰🔰Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Қысқы каникул кезеңі 2024 жылдың 30-желтоқсаны мен 2025 жылдың 8-қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
🔰🔰Мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды. Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:
✅️• «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» мектепішілік іс-шарасы;
✅️• жаңа жылдық әшекейлер жасау бойынша шеберлік сабақтары;
✅️• қауіпсіздік сабақтары;
✅️• спорттық ойындар
✅️• қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.
🔰🔰Ең бастысы — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады.
Нет описания фото.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *