

Тылсым табиғат тамашасын тал бойына тоғыстырған ардақты аналарымыз, асыл аруларымыз қашанда, қандай құрметке болса да лайық.


️Бүгін Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінің директоры Д.Дийметова, кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Абдураимовтың қолдауымен 8 наурыз -» Халықаралық әйелдер күніне» орай білім саласында қажырлы еңбек етіп, зейнетке шыққан, 80 жастан асқан ардагер ұстаз-аналарға құрмет көрсетілді.


Мектеп әкімшілігі ақжаулықты аналарымыз Гулсин Ибрагимова, Мохира Дадаханова, Руқия Ражаметова, Сарвар Хайруллаева, Сарвар Хаджиддинова, Рана Юсупованың үйлеріне барып, гүл шоқтары мен сый-сияпаттарын табыстады.