
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 18-ақпан күні кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтартың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналысқа Түркістан қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Сатбаев Мерей Сындарбекұлы,
Түркістан қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары полиция аға лейтененты Мұсабеков Баходир Серікбайұлы,
Түркістан ҚПБ-ның ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Мейрханов Бағдат Ықыласханұлы қатысты.

Жиналыс барысында Түркістан қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары полиция аға лейтенанты Мұсабеков Баходир Серікбайұлы ата-аналарға қазіргі қоғамда жасөспiрiмдердiң қатысуымен болып жатқан түрлі дәрежедегі құқық бұзушылықтар, буллинг және кибербуллинг туралы хабарлама жасап, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түркістан ҚПБ-ның ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Мейрханов Бағдат Ықыласханұлы ата-аналарға жасөспірімдердің түнгі мезгілде көшеде ата-ана немесе заңды өкілдерінсіз жүрмеуін, авто-мотокөліктерді жүргізбеуін қадағалауды қатаң тапсырды.

Жиналысты директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары А.Мамедов,З.Гафурова күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша қорытынды жасап, ата-аналарға отбасылық қадағалауды күшейтіп, келеңсіз жағдайлардың орын алмауын насихаттап, балалардың қауіпсіздігі баршамызға мiндет екендігін айтты.

Бала тәрбиесі білім ордасы мен ата-ана бірігіп жұмыс жасағанда ғана оң нәтижесін берері анық.