
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес бастауыш сынып ата-аналарымен “Сапалы ұйқы – балалардың дамуы мен денсаулығының негізі” тақырыбында жиналыс өткізілді.

Мақсаты: баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға құндылық қатынасын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Ата-аналардың баланың толыққанды ұйқысын қамтамасыз етуі үшін қолайлы жағдай жасауға деген ұмтылысын дамыту;

2. Салауатты ұйқының баланың ағзасы мен дамуына әсері және ұйқының бұзылуының теріс салдары туралы түсініктерді тереңдету;

3. Баланың ұйқысы пайдалы болуы үшін күн тәртібін сақтаудың нақты алгоритмін қалыптастыру.

Жиналыс барысында ата-аналармен түрлі тренингтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар “Менің балам” сергіту жаттығуы, “Ұйқының тұлғалық дамуына әсері”, “Дұрыс ұйқы ережелері” топтық жұмыстар ұйымдастырылды.

Жиналыс барысында ата-аналар кері байланыс ретінде креативті идеялар ұсына білді.
Жетекшілер:
З.Каримова
С.Омарова
Ш.Досметова