
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 5-сыныптардың ата-аналарына арналған балалардың салауатты өмір салтының шарты ретінде ата-аналардың теңдестірілген тамақтану мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Бүкіл отбасы үшін сау және бүтін тағамдарды таңдау» тақырыбында сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты:


️бүкіл отбасы үшін сау және бүтін тағамдарды таңдау;


️отбасы мүшелерінің ас мәзірін дайындауға,тамақ дайындауға және өнімдерді сатып алуға қатысуы;

Балалардың физикалық және психикалық дамуындағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығын ашу, дұрыс тамақтанбауға байланысты әртүрлі аурулар және олардың салдары туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.

Сабақ барысында ата-аналармен сұрақ-жауап бойынша пікірлесе отырып, жасөспірім денсаулығына пайдалы және зиянды тағамдар,тамақтану режимі, бейсаналық тамақтану туралы өз ойларымен бөлісті. Ата-аналарға бүгінгі тақырып аясында бейнероликтер көрсетілді.

Сынып жетекшілер сабақты қорытындылай келе, сабаққа қатысқан ата-аналарға алғысын білдірді.
Сынып жетекшілер:
Д.Саркарова
Д.Тажитдинов