
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жылдық жұмыс жоспары бойынша 5-сынып жетекшісі Н.Мараева ата-аналармен «Жасөспірімдердің ұйқысы: оқу және мінез- құлыққа әсері» тақырыбында сабақ өткізді.

Мақсаты: ата-аналардың ұйқыға жауапкершілікпен қарауы жасөспірімнің денсаулығын және психикалық саулығын сақтау факторы ретінде қарастыру.

Міндеттері:
Ата-аналардың жасөспірімдердің ұйқы сапасын жақсарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ынталандыру.
Жасөспірімдердің танымдық белсенділігі мен мінез-құлқына ұйқының әсерін түсінуге ықпал ету.
Ұйқы сапасын жақсартуға көмектесу үшін практикалық дағдыларды дамыту.

Сабақ тақырыбының өзектілігі туралы кіріспе әңгіме мен сабақтың мақсаты, міндеттері түсіндірілді.

Сабақ барысында ата-аналар топқа бөлініп, шығармашылық жұмыстар жасап, өз ойларын ортаға салды.

І топ — «Ұйқының бұзылуы:себептері»

ІІ топ- «Ұйқының бұзылуы: салдары»

ІІІ топ — «Ұйқы гигиенасы: ата-аналарға арналған ережелер»;

IV топ — «Ұйқыға қалай дайындалу керек: жасөспірімге арналған кеңестер»

”Ұйқы туралы мифтер мен шындық” сергіту жаттығуыларын жасап, ата-аналарға жақсы ұйықтауға арналған 4 тыныс алу техникасы таныстырылды.

Сабақ барысында ата-аналарға ұйқының физиологиясы мен бұзылу салдары туралы ақпарат беріліп, балалардың денсаулығы мен оқу үлгеріміне әсер ететін негізгі факторлар талқыланды.Ұйқы гигиенасын сақтауға бағытталған практикалық кеңестер мен әдістемелер ұсынылды.