Тарих-география айлығы аясында оқушылардың географиялық білімдерін кеңейту мақсатында пән мұғалімдері А.Ражаметов және С.Бабажановалардың ұйымдастыруымен 11-сынып оқушылары арасында «Атажұрт» этнографиялық-географиялық сайысы өтті. Сайысқа 3 топ қатысты. Сайыс Қазақстанның жері, оны зерттеген ғалымдар, мәдениеті, қорықтары, облыстары мен қалалары туралы және т.б. сұрақтар болды. Сайыста 11″Б» сынып оқушыларынан құралған топ жеңіске жетті.



