Перейти к содержанию

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ: КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА — 36 ЖЫЛ….

⚜️⚜️АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ: КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА — 36 ЖЫЛ….
🔷️🔹️️Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес 10-«А» сынып жетекшісі Рисолат Бабажанованың ұйымдастыруымен «Отты жылдардың естелігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
🔷️🔹️️Мақсаты: Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін еске алу, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу, ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.
🔷️🔹️Кездесуге Ауған соғысының ардагері Қаюмов Қадыр ағамыз қатысып, оқушылармен сұхбаттасып, соғыс жылдарындағы қиындықтар мен қызықты оқиғаларымен бөлісіп, соғыс кезіндегі естеліктерін айтып, жастарға елі мен жеріне деген сүйіспеншілікті ұғындыруға тырысты.
🔷️🔹️Дөңгелек үстел соңында мектебіміздің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі Д.Хансеитов ауған соғысының ардагерлерін мерекемен құттықтап, ардагерлердің өжеттігін үлгі етуге,оқушыларды ерлікке әрдайым тағзым етуге шақырды.
🔷️🔹️Бұл кездесу – жас ұрпаққа тарихи шындықты жеткізіп, Отансүйгіштік рухын арттыруға арналған маңызды іс-шаралардың бірі болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *