Перейти к содержанию

«БҰРЫМДЫ ҚЫЗҒА-АҚ БАНТИК» ЧЕЛЛЕНДЖІ…

🎀«БҰРЫМДЫ ҚЫЗҒА-АҚ БАНТИК» ЧЕЛЛЕНДЖІ…🎀🎀
⚜️⚜️️Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектебіміздің ару қыздары арасында «БҰРЫМДЫ ҚЫЗҒА АҚ БАНТИК» челленджі ұйымдастырылуда…
⚜️⚜️Мақсаты: ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, қыздар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, мектеп мәдениетін құрметтеу, қыздардың сұлулығы мен әдемілігін,ұқыптылық пен талғамды насихаттау.
⚜️⚜️Ақ бантик тағу мен шаш өру әр қыз баланың нәзіктігі мен тәрбиесінің айнасы. Тазалық пен тәртіптің белгісі. Мектеп формасын толықтыратын ерекше стиль.
⚜️⚜️Барша мектеп аруларын нәзіктік пен жинақылықтың символына айналған ақ бантик тағуға,шаш өріп жүруді әдетке айналдыруға шақырамыз!!🎀🎀
⚜️⚜️Бұрымыңды ақ бантикпен сәндеп, әдемі сәттеріңмен бөліс!!🎀🎀
⚜️⚜️Мектебіміздің 9-«Б» және 9-«Д» сыныбының бұрымды қыздары «БҰРЫМДЫ ҚЫЗҒА- АҚ БАНТИК » челленджін бастап, барлық сыныптардың қыздарына жолдайды!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *