Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технология шықса да, бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық. Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызықты өткізу ғана емес. Сонымен қатар, тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс.
”Балалар кітапханасы” жобасы аясында мектебіміздің кітапханашылары И.Ниязметова, М.Бухарова оқырман шәкірттерімізді кітап оқуға шақырады. Мақсатымыз -біреу, рухани байлықтарын, ой-өрістерін дамытудағы ұлы тәрбие құралы кітапты қастерлеу, тиімді қолдану.
Кітап оқу — ешқашан ескірмейтін тренд екенін ұмытпайық!