

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында кітапхана өмірімен таныстырып, кітап әлемi туралы түсiнiк берiп, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітапханаға барып әдеби кітаптар оқуға құлшынысын арттыру, кітапты қадірлеуге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу мақсатында 5-«Б» сынып жетекшісі Дилдора Саркарова оқушыларымен мектеп кітапханасына саяхат жасады.


Мектеп кітапханашылары И.Ниязметова, М.Бухарова оқушыларға кітапхана туралы, кітаптардың қалай орналасқаны, кітапханаға қалай жазылу керектігі, балалар әдебиеті бөлімі, кітап қоры туралы мағлұматтар берді.


Саяхат барысында оқушылардың назарына ертегі кітаптар, балаларға арналған энциклопедиялар, тағы да басқа көркем суреттелген иллюстрациялы кітаптар ұсынылды. Шара соңында кітапханашылар оқушыларды кітап оқуға шақырды.