«Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет» еріктілер акциясы
Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің — әз Наурыз!» онкүндік мерекелік жоспарына сәйкес «Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет» еріктілер акциясын ұйымдастырды. Іс-шара 14 наурыз көрісу күніне тұспа-тұс келуіне орай, Ауған соғысының ардагерлері И.Убайдуллаев, Қ.Қаюмовтардың үйлеріне барып, ардагерлерді жаңа жылдың басталуымен құттықтап, өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, …