Перейти к содержанию

БІЛІКТІ БАСШЫ-ҰЖЫМ МЕРЕЙІ…..

⚜️⚜️БІЛІКТІ БАСШЫ-ҰЖЫМ МЕРЕЙІ…..
✅️Үнемі ізденісте болған,өз білімін жетілдіруден жалықпаған маман ғана болашақта кәсіби жетістікке жететіні анық. Әсіресе ол басшы болса,жаңашылдықты жанына серік етуі керек.
Білікті,білімді басшы әрқашан ұжымын да алға жетелеп, жоғары нәтижеге қол жеткізері сөзсіз.
✅️Осы орайда сынақтан сүрінбей, конкурс талаптарынан іркілмей өткен Дийметова Дильбар Абдуразаковна конкурстық комиссияның шешімі, Түркістан қаласы білім бөлімінің бұйрығымен Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінің директоры болып тағайындалды.💥💥💥
✅️Түркістан қаласы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Тәңірбергенова бұйрықпен таныстырып, құттықтады.
✅️Осы уақытқа дейін өз кәсіби жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп, нәтижелі еңбек ете білген Дийметова Дильбар Абдуразаковна алдағы уақытта да абыройлы қызмет етуіне тілек білдіреміз.
✅️Өз кезеңінде сөз алған Дийметова Дильбар Абдуразаковна үздіксіз ізденіс пен жаңашылдық, іскерлік кез келген маманды алға жетелейтінін айтып, әрқашан сенім үдесінен шығып, мемлекет басшысының ұстаздар алдына қойған міндеттерін адал орындап, жастардың сапалы білім мен тәрбие алуы үшін бар күш-жігерін жұмсап жұмыс жасайтынын жеткізді.
✅️Білікті басшыға сәттілік тілейміз!!!
Бастамаларыңыз сәтті, ісіңіз оң, жұмысыңыз жемісті болсын!!💐💐💐

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *