Перейти к содержанию

Рубрика «Uncategorized»

«Мектептегі бір күн» жобасы

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 8 ақпан күні «Отбасы бақыт аясы» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына ашық есік күні ұйымдастырылды. Мақсаты: «Мектептегі бір күн» жобасы аясында ата-аналармен қатынасты үйлестіру, отбасылық қауымды мектеп қызметіне белсене араласуға тарту. Ашық есік күніне Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Мария Зейдинқызы Ибраева және мектептің ата-аналар …

«Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет»

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 9 ақпан күні Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесі бөлімінің №15/01-01/1315 07.02.2023 жылғы хаты негізінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет» тақырыбында қалалық прокуратураның бөлім бастығы Жүсіпбай Мақсат Кенжеханұлы, Түркістан қаласы ПБ ЖПҚб ЮПТ аға инспекторы полиция капитаны Рысбеков Жанабек Алибекұлының қатысуымен 8-11 сынып оқушыларымен …

Шәкірт жетістігі — ұстаз еңбегі

Хамза атындағы жалпы орта мектебі бойынша 2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңіне 37 оқушымыз қатысып, 27 оқушы жүлделі орынға, 4 оқушымыз алғыс хатқа иеленді. Шәкірт жетістігі — ұстаз еңбегі, дегендей шәкірттеріміздің пәндік олимпиаданың шыңын бағындыруда ұлағатты ұстаздарымыздың жүйелі дайындығы және тынымсыз еңбегінің нәтижесі. …

Мир Әлішер Науаидың туғанына 582 жыл

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 2 ақпан күні ұлы ойшыл, ғазал патшалығының сұлтаны Мир Әлішер Науаидың туғанына 582 жыл толуына арнап бастауыш сынып мұғалімі Б.Юсупованың ұйымдастыруымен «Алишер Навоий — мангу бархаёт» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: ұлы ғұламаның өмірі, шығармашылығына, еңбектеріне деген қызығушылықтарын арттыру, оқушыларды отаншылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Әлішер Науаи – …

«Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алу»

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 30 қаңтар күні 9-11 сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: оқушыларға зиянды заттардың адам денсаулығына тигізер залалы және осындай зиянды заттардың адам ағзасына түрлі аурулар тудыратыны туралы түсінік беру. Оқушыларға зиянды заттардан аулақ болуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға …

«Елбасы медалі». Шәкірт жетістігі — баршамыздың мақтанышымыз.

Шәкірт жетістігі — баршамыздың мақтанышымыз. «Елбасы медалі» — жас спортшыларды, еріктілерді және мәдени мұраны қастерлейтін жастарды өскелең ұрпақты қолдау және ынталандыруға бағытталған ұлттық деңгейдегі бағдарлама. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы әрбір жас қатыса алады. Қатысушылар «алтын», «күміс» немесе «қола» медальдармен марапатталады. «Елбасы медалі» жобасына әрбір қатысушыға жеті бағыт бойынша өзін-өзі дамыту бағдарламасы ұсынылады: «Спорт және дене …

«Тұғыры биік тұлға»

Еліміздің қарыштап дамып, өркениеттің жолына шығуына өлшеусіз еңбек сіңірген аса ірі қайраткер, халқымыздың ұлы перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылғанына 111 жыл. Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің 9-сыныптар арасында «Тұғыры биік тұлға» тақырыбында іс-шара өтілді. Іс-шараның мақсаты халқымыздың аяулы перзенті Д.А.Қонаев атамыздың өмірімен, еңбек жолымен, игі істерімен оқушыларды таныстыру. Адамгершілік асыл қасиеттерін үлгі тұтуға тәрбиелеу. …

«Каникулда кітап оқимыз»

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебі «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қысқы демалыс кезіндегі «Каникулда кітап оқимыз» тақырыбында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында демалыс мезгілінде балалармен түрлі тақырыптарда кітап оқу ұсынылды. Бұл шараның мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға …

«Жаңа жылға саяхат»

Жаңа жыл жаңа жыр, Жаңа жылда-жаңа жыр. Жасыл шырша жанында, Жадырап бар бала жүр. Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 07.12.2022ж. 08-01-17/2250 хатына сәйкес жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары құрылып бекітілген. Жоспарға сәйкес бүгін мектеп алды даярлық сыныптарында «Кел Жаңа жыл, …

«Бүгінгі сән — КІТАП ОҚУ» атты іс-шара

Хамза атындағы N2 жалпы орта мектеп «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша 26 желтоқсан күні 3-сыныптар арасында «Бүгінгі сән — КІТАП ОҚУ» атты іс-шара өтті. Іс-шараға әрбір сынып өздерінің оқыған аңыз, ертегі және өлеңдерін сахналық көрініс көрсетті. Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге. -деп айтқан екен ұлы ақын …