️Бұл адамдар ардақтаған халықты,
Физика мен информатикада даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан, зерек болсаң байлыққа,
Алыптарды әрқашанда танып қал.



Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 25 қараша күні «Физика-информатика сабақтарында цифрландыруды қолдану- білім берудегі жаңа бағыт» тақырыбында физика және информатика апталығының ашылу салтанаты өтті.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталығының орны ерекше.

Физика-информатика пәнінің апталығы 25.11.2024 — 06.12.2024 аралығында өтеді.

Апталық жоспарында түрлі сайыстар мен іс-шаралар, ашық сабақтар жоспарлануда. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында көрме ұйымдастырып, үзіліс кезінде логикалық есептер шығарып, ойын ойнатылды.

Физика – табиғат жөніндегі жетекші ғылымдардың бірі. Ол басқа да жаратылыстану ғылымдары сияқты ұзақ тарихи даму жолынан өтті.

Информатика- ақпарат , қоршаған орта мен онда болып жатқан құбылыстарды таңбалары мен сигналдар түрінде берілетін мағлұмат.

Қызықты да технологияның қалыптасуына үлес қосқан пән апталығында оқушыларға үлкен жеңістер, пән мұғалімдеріне табыс тілейміз!