Перейти к содержанию

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде «Үздік сынып жетекші – 2023» байқауы ұйымдастырылып өткізілді

Тәрбие жұмысын жандандыру және шығармашыл жетекшілерді анықтау мақсатында Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде «Үздік сынып жетекші – 2023» байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау, сыныптың тәрбиелік тәжірибесін басқару субъектісі ретінде сынып жетекшілерінің шығармашылық тәжірибесін айқындау арқылы тәрбие жүйесінде озат педагогикалық тәжірибесін анықтау, тәрбие жүйесінде инновациялық және шығармашылық идеяларын көрсету болып табылады. Байқау 4 кезеңнен тұрды.
✅1. «Мен сынып жетекшімін» өзін-өзі таныстыру;
✅2. «Менің сыныбым өзгеше» бейнероликтер;
✅3. «Ұшқыр ойдан, белсенді әрекетке» сұрақ-жауап.
✅4. Өз өнерін көрсету.
Мектеп директоры Дилбар апай Дийметова ұстаздарымызға өзінің жылы лебізін білдіріп, байқау нәтижесі бойынша жеңімпаз сынып жетекшілерді марапаттады.
Бас жүлде 9-«А» сынып жетекшісі Насиба Юсупова.
І орын 5-«А» сынып жетекшісі Феруза Каримова.
ІІ орын 6-«Г» сынып жетекшісі Наргиза Рахманқулова және 1-«Г» сынып жетекшісі Шахноза Нуриддинова.
ІІІ орын 3-«Г»сынып жетекшісі Сурайё Атаева, 2-«Г» сынып жетекшісі Дилмира Суннатуллаева.
Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *