Перейти к содержанию

ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ….

⚜️⚜️⚜️ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ….
✅Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 17 қаңтар күні «Жас мамандарға Educaplay, LearningApps, Quizizz, Jamboard, Ed puzzle, Prezi.kz, ised.kz платфомаларымен жұмыс жасау әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өтті.
✅Семинардың мақсаты: жас мамандардың цифрлық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге және бұлттық технологиялар мен онлайн платформаларда жұмыс дағдыларын калыптастыру тиімділігін арттыру арқылы сүйемелдеу.
✅Семинар міндеті: информатика пәнін оқытуда Educaplay, ,LearningApps, Quizizz,Jamboard, Ed puzzle, Prezi.kz, ised.kz платформалары арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тәжірибелік мәселелері бойынша мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету.
✅Семинар барысында Түркістан облысының «Білім беруді дамыту орталығы»ның әдіскері Д.Саипов және қалалық білім бөлімінің информатика пәні әдіскері Н.Аубакиров модераторлық жасады.
✅Мектеп директорының м.у.а. Баходир Исмаилов қонақтарды семинар бағдарламасымен таныстырып, сәттілік тіледі.
✅Семинар бағдарламасына сәйкес информатика пәні мұғалімдері
🔶️Ш.Каримов 4-«В» сыныбында «VIDEOPAD редакторының мүмкіндіктері», 🔶️️Н.Ташметова 3-«Г» сыныбында «Word мәтіндік редакторы»,
🔶️Ш.Кудретов 3-«Б» сыныбында «Word мәтіндік редакторы»,
🔶️Ф.Бакаева 4-«Б» сыныбында «VIDEOPAD редакторының мүмкіндіктері» тақырыбында үлгілі сабақтар көрсетті.
✅Оқушылар мектеп фойесінде мектептің тарихы туралы, көрмеде ЭЕМ-нің даму тарихы және роботтар туралы мәлімет берді.
✅Семинарға қатысушылар бүгінгі іс шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, мектеп ұжымының ұйымшылдығына, ұстаздардың жаңа үлгіде көрсеткен сабақтарына тәнті болып, ерекше ықыластарын білдірді.
✅️Қорытынды пікір білдірген Түркістан облысының “Білім беруді дамыту орталығының” әдіскері Д.Саипов, қалалық білім бөлімінің әдіскері Н.Аубакиров семинарда көрсетілген жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта мұндай тәжірибе алмасу үшін атқарылып жатқан жұмыстар өз жалғасын таба берсін деген тілек білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *