Перейти к содержанию

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ…..

🔹🔸КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ…..
✅Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде ️Түркістан облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерінің жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 27ақпан-7наурыз аралығында «Заң және тәртіп» құндылығы негізінде «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 28 ақпан күні 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен кездесу өтті.
✅️Кездесуге Түркістан облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы Ерлан Утегенов, Сәбит Тәңірбергенов,
✅️Түркістан қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының аға учаскелік инспекторы полиция майоры Қапашов Керім Жақыпбекұлы қатысты.
✅️Кездесу барысында «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, сонымен-қатар буллинг, лудомания құмар ойындарға әуестігі бар адамдардың дерті туралы, аталған дертке ұшыраған адамның бойында әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтар құлдырап, адамгершілік қасиеттері жойылатындығы туралы айтылды.
Егер білім алушы буллингтің құрбаны болса, мінез -құлық алгоритімі туралы, ҚР Қылмыстық Кодексінің және ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстегі баптар бойынша ақпарат берілді.
Нашақорлық пен есірткі заттарын тасымалдау,заңсыз дайындау бойынша оқушыларға түсіндіріп, арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *