Перейти к содержанию

«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ.

🔶️🔶️«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ.🔶️🔶️
✅Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа жол бермеу.
✅Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 2 желтоқсан күні «Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты мақсат» тақырыбы аясында 9-11 сынып оқушыларына жалпы құқықтық білім беру мақсатында жиналыс өткізілді.
✅️Мақсаты: Білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекеті, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. Құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
✅Жиналысқа Түркістан облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Сарыбек Арман Сәкенұлы, Түркістан қаласы прокуратурасының аға прокуроры Дәуренбаев Ізбасар Елубайұлы , Түркістан ҚПБ-ның ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Мейрханов Бағдат Ықыласханұлы, мектеп директоры Дилбар Абдуразаққызы Дийметова, оқу- тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *