Перейти к содержанию

КӘСІПОДАҚ ЖӘНЕ ҰЖЫМ ТАРАПЫНАН АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ…

⚜️⚜️КӘСІПОДАҚ ЖӘНЕ ҰЖЫМ ТАРАПЫНАН АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ…..
⚜️⚜️Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлеріміздің орны қашанда ерекше.
⚜️⚜️Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету-ата-бабадан келе жатқан салтымыз.
💕💕1-қазан қарттар күніне және 5-қазан «Ұстаздар күніне» орай мектеп директоры Дилбар Абдуразакқызы Дийметованың бастамасымен, мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы Бахтияр Кахарұлы Абдураимовтың қолдауымен мектебіміздің ардагер ұстаздарының үйлеріне барып, мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстадық.
💕💕Ардагер ұстаздарымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері,тәлім-тағылымдары біз үшін орны бөлек.
💕💕Жас ұрпаққа сапалы білім ,саналы тәрбие беріп,ізбасарларды өсірді.
💕💕Бүгін еңбектерінің зейнетін көріп отырған шақта да ардагер ұстаздар ұрпақтарымызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емес.
💥💥Сыйлықтарды тарату барысында қызмет еткен мектеп ұжымына алғысымыз шексіз.👍👍

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *