

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында 14 ақпан- «Халықаралық кітап сыйлау» күніне орай «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы өткізілді.


Акцияның мақсаты:

Балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқуды насихаттау, кітап алмасу мәдениетін дамыту.

Кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.


Акцияға ұстаздар мен мектеп оқушылары белсене атсалысты.


Білімнің қайнар бұлағы, адамның рухани қазынасының қайнар бұлағы — кітап.
Озат оқырмандарымыз көп болсын!