
Түркістан қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектеп ұйымдарының мұғалімдері арасында спорттың (волейбол, үстел теннисі,футзал,асық ату,бес асық,тоғызқұмалақ)түрінен «Мұғалімдер спартакиадасы» өткізілді.

Спартакиада мақсаты: мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұстаздардың денсаулықтарын нығайтып, физикалық және психологиялық дайындығын ұштау, педагогтар арасында достық, ынтымақтастық сияқты игі қасиеттерді дәріптеу болып табылады.

Спартакиадаға мектебіміздің мұғалімдері волейбол түрінен қатысып, жүлделі І орынды иеленді.

Жеңімпаз атанып, шынайы шабытпен қатысқан,спортты жанына серік еткен ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз!
Жеңісті күндеріміз көп болсын!

