Перейти к содержанию

МАҚСАТЫМЫЗ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ…..

✅️МАҚСАТЫМЫЗ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ…..
⚜️⚜️Бабалардың игі ісін
сақтайтын,күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болатын ұрпақ тәрбиелеу біздің басты- міндетіміз.Оқушылардың бойына ұлттық тәрбиені оқу процесіне енгізу арқылы рухани байлығымызды сіңдіре отырып дәріптеу- ұрпақ алдындағы жауапты іс.
⚜️⚜️Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің білікті де,білімді басшысы Дийметова Дильбар Абдуразакқызы оқушылардың сапалы білім алуына зор мүмкіндіктер жасауда.
⚜️⚜️Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында әр аптаның жұма күні ұлттық нақышта киіну белгіленген.
⚜️⚜️Мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
⚜️⚜️Әр аптаның жұма күні арнайы іс- шаралар, тәрбие сағаттар, сайыстар, ұлттық спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *