МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӘСІБИ БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ…
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру мен еңбек нарығына қажетті мамандықтарды насихаттауға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 4-ақпан күні 9-сынып оқушыларымен Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжіне саяхат ұйымдастырылды.
Саяхат барысында оқу орнының білім беру бағдарламалары, студенттерге жасалатын мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат беріліп, оқушыларға болашақ мамандық таңдау жолдары, еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер, оқу орнында білім алудың артықшылықтары түсіндірілді.
Сондай-ақ, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, колледжге түсу талаптары, грант мүмкіндіктері және оқу үрдісі жайында нақты жауаптар алды.
Мұндай саяхаттар жастардың саналы түрде мамандық таңдауына оң әсерін тигізіп, олардың болашағына бағдар жасауға көмектеседі.