
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім » КММ-нің ұйымдастыруымен «5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне» орай «Тұрар Рысқұлов – тарихи тұлға» тақырыбымен өткен жалпықазақстандық ашық диктант жазуға мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары қатысты.

Мемлекеттік тілде жалпы қазақстандық ашық диктант жазудың мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту.

Міндеттері:
— диктантқа қатысушыларға мемлекеттік тілде сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру, сауатты жазудың маңыздылығына назар аударту;
— тарихи тұлғаларды насихаттау арқылы саналы қоғам қалыптастыруға ықпал ету;
— мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретінде қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға, қоғамдық келісім мен елдің бірлігін нығайтуға ықпалын арттыру.