Мектебімізде көктемнің ең шуақты, ең мейірімге толы мерекесі — 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Мейірімді жүрек-жылы тілек» атты мерекелік кеш өтті.
Бұл мерекелік кеш– аналар мен әжелерге деген шынайы құрметтің белгісі, жүрекке жылу сыйлар ерекше шара болды.
Кештің ашылуында мектеп директоры Дильбар Абдуразаққызы Дийметова ата-аналарды көктемнің жарқын мерекесімен құттықтап, аналардың отбасындағы және қоғамдағы рөліне тоқталып, ізгі тілегін жеткізді.
Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, аналарға арнап әсем әндер шырқап, мәнерлеп өлең оқыды.
Кеш барысында аналарға арналған жылы лебіздер айтылды.
Жылы шырай, шаттық пен қуанышқа толы бұл кеш ата-аналар үшін ұмытылмас естелікке айналды.
Мерекелік кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан 10-«А» сынып жетекшісі Рисолат Бабажанова және оқушыларға алғыс білдіреміз.
Аналарымыз аман болсын, жүректері мейірім мен қуанышқа толы болсын!