Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 03.05.2023 жылғы 16-16/4934 хатына сәйкес, Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде «Менің мектебім буллингке қарсы!» тақырыбындағы жалпы республикалық флешмоб өткізілді.
Флешмобтың мақсаты: Қоғам назарын балалардың қауіпсіздік мәселелеріне деген саналы көзқарасына аудару.
Міндеттері:
— Оқушылардың буллингке қарсы санасы мен ойлауын қалыптастыру;
— Зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы тұруға белсенді қатысуға жәрдемдесу;
— Әлеуметтік маңызы бар міндеттерге негізделген мектеп қоғамдастығындағы бірлестік және өзара іс-қимыл;
— Оқушыларға шығармашылық арқылы өзін-өзі жүзеге асыру, биді бірлесіп дайындау барысында құқықтық тәрбие беру;



