Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 20 наурыз күні мектеп кітапханашылары И.Ниязметова, М.Бухаровалардың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Әдебиет және өнер» тақырыбында пән бірлестіктері арасында байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты: қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақын-жазушылардың өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдыретін таныту, ақын-жазушылардың шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, талантты тұлғалардың қайталанбас қасиеттерін насихаттау. Өткізілген іс-шарада бірлестіктер 3 кезең бойынша сынға түсті. Алғашқы кезеңінде әр бірлестік өздеріне берілген ақын–жазушылардың өміріне шолу жасады, екінші кезеңінде шығармалардан сахналық қойылымдар қойып, ұстаздар өздерінің шеберліктерін көрсетті. Байқаудың соңғы кезеңінде ақын-жазушылардың шығармаларына жазылған әндерді нақшына келтіріп орындады. Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орын қазақ тілі және әдебиеті пәні бірлестігі, ІІ орын ағылшын тілі бірлестігі, І орын физика-информатика бірлестігі, бас жүлдені технология пәні бірлестігі иеленді. Байқауда жүлделі орындарға ие болған барлық бірлестіктерге мектебіміздің басшысы Д.Дийметованың демеушілігімен қаржылай сыйлықтар табысталып, марапаттады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз.




