
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 13 қараша күні «Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытуда интерпретация: оқу мен жазу сауаттылығы» тақырыбында республикалық практикалық семинар өтті.

Семинардың міндеті-оқу мен жазуды дамыту арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тәжірибелік мәселелері бойынша мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету.

Семинардың мақсаты – оқу процесін тиімді ұйымдастыру арқылы білім алушылардың оқу және жазу қабілеттерін дамыту, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Семинар барысында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ҚДИ кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. Құдайбергенова Майра Бактыбаевна модераторлық жасады.

Семинарға Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының орта білім беру деңгейіне арналған оқу әдебиеттерін сараптау бөлімінің басшысы Баимбетова Ләззат Рысбекқызы, Республикалық «Дўстлик» Ассоциациясы өзбек этномәдениет орталығының төрағасы Хошимжонов Икромжон Акрамович, «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ҚДИ директоры, п.ғ.д., профессор Искакова Лаура Турлыбековна, Ы.Алтинсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Мектепалды даярлық және бастауыш білім беру»зертханасының аға ғылыми өызметкері Акатаева Айнұр Сламовна, Өзбекістан Республикасы , Ташкент облысы Педагогикалық шеберлік орталығының әдіскері Ахметов Тұрсынәлі Сапарәліұлы қатысты.

Республикалық семинарға Алматы облысы, Шымкент қаласы және облыстың аудандарынан әдіскерлер мен 100 ге жуық мұғалімдер қатысты.
Мектеп директоры Дильбар Дийметова семинардың бағдарламасымен таныстырды..

Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері М.Мансурова 4 – «Б» сыныбында математика пәнінен «Көп таңбалы сандардың алгоритмін қолдануды үйрету» тақырыбында, У.Солоходдинова 4-«В» сыныбында өзбек тілі пәнінен «Сын есім» тақырыбында , Д.Талипова 4-«Ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері» тақырыбында, Н.Мухамеджанова 3-«Г» сыныбында «Еңбек –білім кілті» тақырыбында, М. Абдурахманова 3-«Ә» сыныбында «Түбірлес сөздер», Ш.Исмаилова 2-«В» сыныбында «Достық жеңілмейтін күш» тақырыбында, Э.Исхакова 2-«Д» сыныбында «Жеке гигиена» тақырыбында , Д.Османова 1-«А» сыныбында «Менің отбасым» тақырыбында , З.Каримова 1-«Б» сыныбында «Әке шешем қуанышым» тақырыбында , С. Омарова 1-«Ә» сыныбында «Бб дыбысы және әріпі» тақырыбында, өзбек тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Н.Гафурова 7-«В» сыныбында өзбек тілі пәнінен «Ата –анаға құрмет» тақырыбында, С.Абдурашидова өзбек әдебиеті пәнінен 11-«В» сыныбында Ғ.Ғулом«Ёдгор қиссаси» тақырыбында үлгілі сабақтар көрсетті.

Мұғалімдер мектеп дәлізінде ұйымдастырылған көрме, оқушылардың өнер туындыларының жанды көрсетілімі, «Түрлі бұйымдарды қайта өңдеудің тиімділігі» тақырыбындағы ғылыми жоба жұмысының нәтижесінде көрсетілген сән үлгілері көрсетілімі бұл мектепте құнды нәтижелі жұмыстардың бар екендігінің жанды дәлелі екендігін көрсетті.

Семинарға қатысушылар бүгінгі іс шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, мектеп ұжымының ұйымшылдығына, ұстаздардың жаңа үлгіде көрсеткен сабақтарына тәнті болып, ерекше ықыластарын білдірді..

Республикалық практикалық семинарды ұйымдастырған «Өрлеу» БАҰО ның аға оқытушылары Мусаева Махбуза Октамқызына , Нағима Аббасқызына, мектеп директоры Дильбар Дийметоваға , мектеп әкімшілігі және мектеп ұжымына рызашылықтарын білдіріп, семинарға жоғары баға берді.