Перейти к содержанию

Саттар Асқарұлы Ерубаевты еске алуға арналған XXXVII Халықаралық турниріне мектебіміздің спорт сүйер оқушылары Ш.Розбаев, Е.Хамитов, Ж.Алихановтар қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Құттықтаймыз!
2023 жылдың 5-12 мамыр аралығында 9 мамыр «Жеңіс күні» мерекесі аясында, «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты ұранымын баскетболдан 2006-2007 жылы туылған ұлдар арасында қазақ жазушысы Саттар Асқарұлы Ерубаевты еске алуға арналған XXXVII Халықаралық турниріне мектебіміздің спорт сүйер оқушылары Ш.Розбаев, Е.Хамитов, Ж.Алихановтар қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Шәкірттеріміз өздерінің жоғары спорттық шеберліктерін және қажымас қайраттарын көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Мектеп басшысы Д.Дийметова оқушыларды жеңістерімен құттықтап, өзінің жылы лебіздерін білдірді. Спорт сүйер шәкірттерімізге табыстар, жаңа жеңістер тілейміз!
Шәкірттеріміздің спорт кешеніндегі жаттықтырушысы: Улзина Адырбекова.
Мектептегі жаттықтырушылары: Марат Хамитов, Давронбек Сеитов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *