Перейти к содержанию

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ АЛИШЕР НАУАИДЫҢ 584 ЖЫЛДЫҒЫ…

⚜️⚜️ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ АЛИШЕР НАУАИДЫҢ 584 ЖЫЛДЫҒЫ…
🔶️🔷️Түркі әлемінің ұлы ақыны, ғұлама ойшыл және мемлекет қайраткері, өзбек әдебиетінің ірі өкілі Алишер Науаидың 584 жылдығына орай 2025 жылдың 12 ақпан күні өзбек тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Насиба Гафурованың ұйымдастыруымен » Олис юлдуздан таралган шуълалар» тақырыбында әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.
🔶️🔷️Мақсаты – ақынның бай әдеби мұрасын насихаттау, жастардың рухани тәрбиесіне үлес қосу және түркі әдебиетінің дамуына қосқан үлесін көрсету.
🔶️🔷️Іс-шара барысында ақын өмірі мен шығармашылығы туралы айтылып, білім алушылар ақынның ғазал өлеңдерін мәнерлеп оқып, Науаидың жастық шағынан үзінділер қойылды.
🔶️🔷️Қатысушылар Алишер Науаидың рухани мұрасынан тағылым алып, оның шығармалары арқылы түркі әдебиетінің тереңдігі мен байлығын сезінді.
🔶️🔷️Кеш барысында көрермендер ақынның даналығынан шабыт алып, ұлттық құндылықтарға деген құрметтерін арттырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *