Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 24 қантар күні 8 сынып қыз балалар арасында «Ата-анаға құрмет» тақырыбында профилақтикалық жұмыстар өткізілді. Мақсаты: Ата-анаға құрметпен қарап, үлкендерге сыйластық танытып, инабаттылыққа, ибалылыққа, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелей отырып, психологиялық қолдау көрсету. Аналар мектебінің төрайымы Гулбахар Юлдашева «Ата-анаға құрмет», «Қыз бала елдің көркі» тақырыбында баяндама оқып, сұрақ-жауаптар арқылы пікір алмасып, өмір тәжірибесінен үзінділер келтіріп, құнды насихаттарын берді. Педагог-психолог Саодат Мирзаметова «Ата-анаға құрмет», «Қызбала әдебі мен әдемі» тақырыбында видеоролик ұсынып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рисолат Бабажанова бүгінгі жиналыс жоғары деңгейде өткізілгендігін айта келе қыздардың кешкі уақытта үйден шықпауын, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын тапсырып, кеңестерін берді.

