Перейти к содержанию

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектепте 2024 жылдың 27 қарашамен 10 желтоқсан аралығында «Мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектептің оқыту әдістеріндегі байланыспен синхрондау» тақырыбында мектепалды және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған онкүндік ісшара болып өтті.

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектепте 2024 жылдың 27 қарашамен 10 желтоқсан аралығында «Мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектептің оқыту әдістеріндегі байланыспен синхрондау» тақырыбында мектепалды және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған онкүндік ісшара болып өтті.
Онкүндіктің мақсаты: Мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы оқыту мазмұны сабақтастығын, құндылықтар мен дағдыларын жетілдіріп балалардың танымдық қабілеттерін арттыру, білімге деген қызығушылықтарын қалыптастыруға бағытталған жұмыстарын жандандырып, іс-әрекеттерді жаңаша ұйымдастыру қабілеттерін арттыру
Онкүндіктің ашылу салтанатында ОІЖДО М.Файзиметова сөз сөйледі. Мектеп алды даярлық топ тәрбиешілері «Педагогикалық идеялар аллеясы» тақырыбында көрме ұйымдастырды. 4-сынып оқушылары мұғалімдерімен бірге ән айтты.
«Эколологиялық тақырыптарды мектепалды даярлық сынып бағдарламасына жүзеге асыру табиғи жағдайда экскурсиялар және экология мәселелері бойынша практикалық сабақтар өткізу, салауатты өмір салты дағдыларын дамыту» тақырыбында Мад топ тәрбиешілері оқушыларымен апликация өткізді.
«Бастауыш сыныптар белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Ш.Нуритдинова ата-аналармен дөңгелек үстел өткізді.
«Мектепалды және бастауыш сыныптардың тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Д.Суннатуллаева оқушылармен тәрбие сағаты өткізді.
«Жаңылдырсаң да жаңылмайтын жаңылтпаштар» тақырыбында 2-сыныптар арасында жаңылтпаштар жатқа айту сайысы өткізілді.
«Мектепалды даярлық сыныптарға жаңашылдықты меңгертуде педагогтердің шеберлік алаңы»Мад топ тәрбиешілері оқушыларымен шебер сынып ұйымдастырды.
«Заманауи білім тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану,сапалы сабақ кепілі» тақырыбында шебер сынып ұйымдастырылды.
«Мектепалды даярлық сыныптарында балаларды тәрбиелеу мен дамыту арқылы сапаға қол жеткізу» тақырыбында 1-сынып оқушыларымен ісшаралар ұйымдастырылды.
«Мектеп трендтері: білім беруді геймификациялау – сапалы білім берудің кепілі» тақырыбында 3-сынып оқушылары арасында интеллектуалды сайыстар өткізілді.
«Мектепалды және бастауыш сыныптардағы тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың жаңа бағдары» тақырыбында 1-сынып оқушыларымен шебер сыныптар ұйымдастырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *