
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 20 қараша күні директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары А.Мамедов, З.Гафурова, педагог-психолог З.Анарбаев, С.Мирзаметованың ұйымдастыруымен «Лудомания құмар ойынға деген құштарлық ретінде компьютерлік ойындар және олардың ағзаға әсері» тақырыбында жоғары сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Лудомания факторы;

Достар мен туыстардың құмар ойындарына қатысуы;

Адамның көзіндегі ақшаның артық бағаланған мәні,олардың көмегімен барлық мәселелерді шешуге болатындығына сенімділік;

Оңай ақша табуға ұмтылу;

Қаржылық сауатсыздық,ақшаны басқара алмау.

Жалпы өзіне және айналасындағыларға зиян келтіру қауіптілігі туралы айтылды.