Перейти к содержанию

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде Түркістан облысының білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» 07.10.2024 жылғы хаты негізінде, 14-24 қазан күндері аралығында «Аралас мектептерде мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын жетілдіру» жобасы аясында «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын арттыру: мақсат, функционалды сауаттылық, патриотизм» тақырыбындағы онкүндік іс-шара жоспарына сәйкес 16-қазан күні «Цифрландыру жағдайында мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар өтті.

⚜️⚜️⚜️Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде Түркістан облысының білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» 07.10.2024 жылғы хаты негізінде, 14-24 қазан күндері аралығында «Аралас мектептерде мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын жетілдіру» жобасы аясында «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын арттыру: мақсат, функционалды сауаттылық, патриотизм» тақырыбындағы онкүндік іс-шара жоспарына сәйкес 16-қазан күні «Цифрландыру жағдайында мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар өтті.
⚜️⚜️⚜️Семинардың мақсаты: қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып,тіл мәдениетін арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу, негізгі пәндерді мақсатты тілде оқытуда оқушылардың білім сапасын жетілдіру. Оқу мен оқыту үдерісінде мұғалімдердің жаңашыл педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы, оқушылардың цифрлық құзыреттілігін арттыра отырып, білімді тұлғаны қалыптастыру.
⚜️⚜️⚜️Семинарға «Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының» орта білім беру кафедрасының меңгерушісі Өтеген Бекет Үсенбекұлы, «Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының» қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Аблаева Ақмарал Еламановна және Сауран ауданы, қала мектептерінің ұстаздары қатысты.
⚜️⚜️⚜️Семинар барысында мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Г.Мараймова «Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шешу», химия пәні мұғалімі Х.Ражаметов » Металдардың қышқылдармен әрекеттесуі», бастауыш сынып мұғалімі З.Каримова «10 ішіндегі сандарды қосу мен алу», У.Салаходдинова «Кошбасшы қандай болу керек?» тақырыптарында сабақтар өткізді.
⚜️⚜️⚜️Барлық мұғалімдер сыныптарға кіріп сабақ өткен мұғалімдерге лайықты баға берілді.Тақырыпты кеңінен талқылаған ұстаздар қауымы өзара тәжірибе алмасты.
«Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Аблаева Ақмарал Еламановна барлық пән мұғалімдерінің пікірлерін тыңдап, семинарға жоғары бағасын беріп, қорытындылады.
⚜️⚜️⚜️Семинардың өз деңгейінде өтуіне атсалысқан мектеп әкімшілігіне және мектеп ұжымына алғысымызды білдіреміз. 💐💐💐💐

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *