Перейти к содержанию

Тәрбие — отбасынан басталады.

Тәрбие — отбасынан басталады.
Бала тәрбиесі ата-ана үшін ғана емес мектеп ұжымы үшін де күрделі әрі жауапты іс. Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек деген ойшыл ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз: «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.» демекші ұрпақ тәрбиесінде балаға білімнен бұрын тәрбие беру маңызды екенін дәлелдеген.
Осы орайда Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде ағымдағы жылдың 26 мамыр күні «Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасы тәрбиесінің негізі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа ата-аналар комитетінің төрағасы Азиз Байқозиев, мүшелері Шухрат Досметов, мектеп директоры Дилбар апай Дийметова және ата-аналар, мұғалімдер қатысты.
Мектебіміздің педагог-психологы Анарбаев Зафар ата-аналарға арнайы психологиялық тренинг өткізді.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дилрабо Зайнитдинова 2022–2023 оқу жылында атқарылған жұмыстардың есебі мен оқушыларымыз мен мұғалімдеріміздің жеткен жетістіктеріне тоқталса, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зулфия Гафурова 2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жұмыстары жайлы баяндама жасады.
2023-2024 жаңа оқу жылында оқушыларымыздың мектеп формасы күнгірт көк түс екені атап көрсетілді. Жазғы демалыс кезінде оқушыларымыздың қауіпсіздігі жайлы мәлімет берілді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада, өнер мен спорт түрлерінен мектебіміздің есімін облыстық, республикалық деңгейде жеңіс тұғырынан көрсете білген дарынды шәкірттеріміздің ата-аналарына мектеп директоры Д.Дийметова өзінің жылы лебіздерін білдірді.
Жиын соңында ата-аналар мектеп ұжымына өз алғыстарын білдіре отырып, еңбектеріңіз жемісті болсын деп тілек білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *