
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 11 наурыз күні жоғары сынып оқушыларына «Татулық,бірлік,келісім-ең асыл байлық ел үшін» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты: жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды,әлеуметтік жауапкершілікті,отансүйгіштік сезімді,жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру,сондай-ақ Қазақстанда тату-тәтті өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрпын,дәстүр, тарихын, тілін қастерлеп,бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, еліміздегі халықтар достығын нығайту.

Шара барысында Түркістан қаласы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» маманы Жансая Әмірбекова модераторлық жасады.

Түркістан облыстық ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты Гүлсара Тоққулова жастармен диалог жасап, татулық пен бірлік мемлекеттің нығаюына, дамуына ықпалы туралы тоқталып өтті…

Ассамблея жастары, Республика Қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық өкілдігінің төрағасы Надиржон Хасантаев-
«Бірлік-ынтымақ» тақырыбында баяндама жасады.

Жастар өз пікірлерін ортаға салып, белсенділермен естелік суретке түсті.