
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 3 наурыз күні

«ҚАР КҮРЕУ»

акциясы өткізілді.

Акцияға 10-«Б» сынып оқушылары мектеп ауласын қардан тазалауға белсене атсалысып қатысты.
Сынып жетекшісі: У. Кахаров.

Мектеп ауласына қардың жиналып, жолдардың тайғақ болуы – мұғалімдер мен оқушылар үшін қауіпті.

Осындай іс-шаралар оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа, еңбекқор болуға, қоршаған ортаны таза ұстауға,бір-бірімізге қолдау көрсетуге үйретеді.

Табиғатты қорғау мен тазалықты сақтау біздің ортақ міндетіміз!