«Таза Қазақстан» кең ауқымды акциясы аясында 2024 жылдың 16 қараша күні мектебімізде сенбілік өткізілді.
«Таза Қазақстан» акциясының мақсаты — ел арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың, әсіресе, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.
Сенбілікте мектеп ауласын тазалау, арам шөптерден тазарту, күз мезгілінде ағаш көшеттерінің айналасын тазалау, қопсыту, қоқыстардан тазалау жұмыстары жүргізілді.
Тазалық шарасына мектебіміздің ерікті ұстаздары және кіші қызметкерлері қатысты.