
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.

Мектебіміздің шырайын шұғылалы ету мақсатында жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына мектебіміздің ерікті ұстаздары және кіші қызметкерлері бір кісідей атсалысып, мектеп ауласын абаттандыру, жол жиектерін арам шөптерден тазарту жұмыстарын қарқынды жүргізді.

Алдағы уақытта мектеп ауласында тазалық жұмыстары жүйелі түрде жоспарға сәйкес жалғасын табатын болады.

Тазалық сіз бен бізден басталады!