
Мемлекет басшысының бастамасымен қаламызда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қызу жалғасын табуда…..

Түркістан облысы білім басқармасының 11.10.2024 жылғы N25/5882 хатына сәйкес, мектебімізде тазалық акциясына үлес қосу мақсатында сенбілік өтті.

Тазалық шарасына мектебіміздің ерікті ұстаздары және кіші қызметкерлері қатысты.

Акция аясында туған жерімізді, туған өлкені аялап, оның тазалығын сақтау, табиғатын қорғау әрбір — азаматтың борышы және міндеті.

Таза Қазақстан — Отаншылдық қасиетінің бастауы.


«Таза Қазақстан» акциясының мақсаты — ел арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың, әсіресе, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.


Мектебіміздің ерікті ұстаздары «Таза Қазақстан» акциясын қолдай отырып, алдағы уақытта да тазалық жұмыстарын жалғастыратын болады….