Ірі ғалым-лингвист, әдебиет зерттеуші, түркітанушы, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқы, елі үшін еңбегі зор. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым Ы.Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз құдіретін танытқан жаңаша ақын.
Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 19 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Д.Сабирова мен З.Аметовалардың ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Тіл атасы — Ахмет Байтұрсынұлына — 150жыл» тақырыбында іс шара өтті. Іс шараға 7-9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар ақынның өлеңдерін, мысалдары мәнерлеп оқып, өмірбаянынан, аудармаларынан сахналық көріністер көрсетті. Сондай-ақ жүргізуші оқушыларымыз өз жұмысын жоғары деңгейде атқарып, ерекше көзге түсті.
Халықтың жан дүниесінің мөп-мөлдір бұлағындай болған өнеріне шөлі қанғанша мол сусындаған, оған өзі де бір тамшы болса да үлес қосқан А.Байтұрсынұлының өмірі де, ілімі де бүгінгі күнге дейін өшкен жоқ, өшпейді де.




