«Үздік аспаз — бұл қиял мен сезімнің, мінездің көптігі» демекші бүгін Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде көркем еңбек, ән күй, дене шынықтыру пәнінің декадасында мұғалімдер, кіші қызметкерлер арасында «Үздік аспазшы — 2023» байқауы өткізілді. Байқауға барлық пән бірлестігі қатысты. Байқау өте жоғары дәрежеде әрі тартысты болып өтті. Бір-бірінен өткен алуан түрлі, дәмі тіл үйіретін палау әзірленді. Сонымен бірге ұлттық ойындар: арқан тарту, асық ату, секіртпеде секіру, тағы да басқа ойындар өткізілді. Байқауға қатысушыларға мақтау қағаздарымен бірге арнайы сыйлықтар табысталды. Өте қызықты өткен бұл іс-шарадан ұстаздарымыздың көңіл күйлері көтеріңкі болып қайтты. Бір отбасының баласындай білім шаңырағында барлығымыз тату-тәтті қызмет етіп жүрміз. Әдемі, лауазымды, еңбекқор мұғалімдер бірлігі жарасқан ұжымның біріміз. Дийметова Дильбар Абдуразакқызы басқарып отырған ұжымда әрбір қызметкерлерге қояр талабы: ауызбіршілік және «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бір-біріңе керек кезде демеу болыңдар. Біріңе-бірің сыйластықпен қарап өз жұмыстарыңды жауапкершілікпен атқарып, сондай-ақ білім алушыларға сапалы білім алуға септіктеріңді тигізіңдер деген қатал талабының арқасында. Қазіргі таңда әріптестеріміз беделді педагогтардың қатарында. Әрбір жасалған асының дәмі тіл үйіретін аспазшылар, өз қызметіне ұқыптылықпен қарайтын қызметкерлер бар. Мектебімізде мақтан тұтар шәкірттеріміз де жетерлік: өнер, спорт және білім жолында да абыройымызды асқақтатып жүр. Барлық білім ордасына біздің мектебіміздің ауызбіршілігін берсін деп тілейміз. Құрметті әріптестер, қызметтестер көпке үлгі болар осы бірлігімізден айырылмайық!




